СИМ-де «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында семинар өтті

СИМ-де «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 15 тамызда Әдеп жөніндегі уәкіл мен заң қызметі департаменті бірлесіп «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында семинар өткізді. Негізгі тұжырым – әділетті мемлекет адал азаматтан басталады деген ұстаным болды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және адамгершілік деңгейін арттыру, жастарға үлгі болу және Әділетті Қазақстанды құруға үлес қосу.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің адал еңбегінің маңызы және қоғамдағы әділеттілікті нығайтудағы этикалық қағидаттар талқыланды.

Қазіргі Қазақстанда мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты екені атап өтілді. Адалдық пен әділдіктің үлгісін көрсету арқылы мемлекеттік қызметкерлер билік органдарының оң имиджін қалыптастырады және халықтың құқықтық санасын арттырады.

Іс-шараның қорытындысында қатысушылар адал еңбек, этика және өзара құрмет құндылықтарын ілгерілету «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік негізі болатынына сенім білдірді.