ҚР СИМ бұйрығының жобасы көпшілік талқылауында

ҚР СИМ бұйрығының жобасы көпшілік талқылауында

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ «Жекелеген салаларда зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірлеп, Ашық НҚА порталында орналастырды.

Бұйрық жобасында сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы үшін меншігінде немесе өзге де заңды негізде тиесілі, өнімнің техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сынақтар (зерттеулер) жүргізуді қамтамасыз ететін жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу көзделген.

Сонымен қатар, кейбір өнім түрлері үшін жабдықтың көлеміне (тізбесіне) қойылатын жекелеген талаптарды белгілеу ұсынылады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі осы бұйрық жобасын жариялады. Жоба 2025 жылғы 5-тен 20 тамыз аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылаудан өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15570924 ).