ҚР СИМ бұйрығының жобасы көпшілік талқылауында

ҚР СИМ бұйрығының  жобасы көпшілік талқылауында

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және «Электрондық үкімет порталының» «Ашық үкімет» бөліміндегі «Ашық НҚА» платформасында көпшілік талқылау үшін орналастырылған ҚР Сауда және интеграция министрінің «Көлік құралының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау рәсімдерінің дұрыстығы мен негізділігін тексеру қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрығы жобасы туралы хабарлаймыз.

Аталған бұйрық жобасында, көлік құралының типін мақұлдау және шасси типін мақұлдау рәсімдерінің дұрыстығы мен негізділігін тексеру мерзімін (Қазақстан Республикасы Техникалық хатшылығы берген көлік құралын өндірушіге халықаралық сәйкестендіру коды берілгені туралы куәлік болған жағдайда) он (10) жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.

Көлік құралының типін мақұлдау (КҚТМ) рәсіміндегі құжаттарды тексеру мерзімдерін қысқарту — отандық автокөлік өндірісін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады.

Бұйрық жобасы бизнеске қосымша әкімшілік немесе қаржылық жүктемелерді көздемейді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі осы бұйрық жобасын жариялады. Жоба 2025 жылғы 5-тен 20 тамыз аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылаудан өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15570815 ).