Айдар Әбілдабеков Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Айдар Әбілдабеков Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.

1970 жылы дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін , академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетітін тәмамдаған.

Еңбек  жолын 1996 жылы бастады. Осы жылдар ішінде коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2010-2022 жж. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметтер статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының және Алматы қаласының статистика департаменттерін басқарды.

2022–2023 — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы.