СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2015 жылдың 30 қаңтардағы №67 «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қатысты бұйрығына толықтыру әзірледі.

Аталған бұйрық жобасы 2025 жылдың  10 шілдедегі № 120 Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімін іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Құжат қара металдардың сынықтарын әкетуді және квазиэкспортты шектеу саясатын бұзбай, домна-конвертер тәсілмен өндірілген болат жартылай фабрикаттарды экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұндай өнімді өзге тауар позицияларына қайта ресімдеу практикасын жоюға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған бұйрық жобасын жариялады, жоба бойынша жария талқылау 2025 жылдың  1 тамыз бен 6 тамыз аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15567973).