Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасын орналастыру туралы

Мемлекет басшысы 2025 жылдың  17 шілдесінде  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл Заң елорда және республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды орталықсыздандыруға және басқа да мәселелерге бағытталған.

Аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді орталықсыздандыру мақсатында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту жөніндегі құзырет жергілікті атқарушы органдар деңгейіне берілді. Енді сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері әр өңір деңгейінде жергілікті атқарушы органдармен бекітілетін болады.

Сондай-ақ, аталған Заңға сәйкес, стационарлық емес (белгіленбеген тұрақты орны жоқ) сауда объектісің ұғымы кеңейтілді.

Заңның жаңа редакциясында стационарлық емес сауда объектілерінің анықтамасы нақтырақ көрсетілді. Бұрын бұл ұғым инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылған-қосылмағанына қарамастан, жерге мықтап бекітілмеген уақытша құрылыс немесе құрылым ретінде, соның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы ретінде түсіндірілетін.

Енді бұл анықтамаға мұндай нысандар сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтану үшін пайдаланылатыны туралы толықтыру енгізілді. Осылайша, назар тек құрылымдық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар нысанның функционалдық мақсатына да аударылған.

Көрсетілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралыбұйрығының жобасын жариялады.Аталған жобаны қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 31 шілдеден бастап 2025 жылғы 15 тамызға дейін өткізіледі (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15565134 ).