Праймеризге қатысушылар "Nur Otan" партиясының "Сапалы Сауда" БПҰ алдындағы сайлауалды бағдарламаларын ұсынды"

Праймеризге қатысушылар "Nur Otan" партиясының "Сапалы Сауда" БПҰ алдындағы сайлауалды бағдарламаларын ұсынды"

Бүгін, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде, сағат 15.00-де праймеризге қатысушылардың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің "Сапалы сауда" бастауыш партия ұйымымен (БПҰ) онлайн-кездесуі өтті.

ҚР сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысы Жәнібек Нупиров құттықтау сөз сөйледі.  Ол Мемлекет басшысының алғашқы ішкі партиялық сайлауды өткізу туралы шешімі — әрбір адам үшін ел мен халық үшін өз мақсаттарын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. 

"Nur Otan" партиясының алдын ала дауыс беруіне қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Кездесуде бұқаралық спортты дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтауды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.

Естеріңізге сала кетейік," Сапалы сауда " бастауыш партия ұйымы Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданына тиесілі. "Сапалы сауда"БПҰ мүшелері "Primaries 2020"қосымшасына дауыс бере алады.

 Дауыс беру қорытындысы ағымдағы жылдың 5 қазанында белгілі болады, жеңімпаздар ҚР Парламенті Мәжілісінде, сондай-ақ мәслихатта жарияланады.

 

 

ҚР CИМ баспасөз қызметі