ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Саудақызметі саласында мемлекеттік қызметтеркөрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын ресмиинтернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру туралы хабарлайды
Бұйрықтың жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген (2024 жылғы 25 маусымда күшіне енген) Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – нормативтік құқықтық актіні Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен рұқсат беру құжаттарының нысандарын өзгерту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі бойынша нақтылау шарттарын енгізу бөлігінде қабылданған талаптарға сәйкес келтіру.
Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 03.07.2025 мен 18.07.2025 аралығында талқыланады. (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15549416).