"Nur Otan" партиясының "Сапалы Сауда" БПҰ бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездеседі

"Nur Otan" партиясының "Сапалы Сауда" БПҰ бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездеседі

Биыл Қазақстанда Nur Otan-ның парламенттік сайлау алдындағы партияішілік рәсімі ретінде "праймериз" дәстүрін енгізу басталды.

Жаңалық бағдарлама партия мүшелерінің саяси ерік-жігерін демократияландыруға және негізгі сайлауға ең күшті және танымал кандидаттарды ұсынуға бағытталған.

Ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00 де Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің "Сапалы сауда" бастауыш партия ұйымымен (БПҰ) праймериз қатысушыларының онлайн-кездесуі өтеді.

Онлайн-үгіт барысында кандидаттар бір партияластарға келесі бағыттар бойынша сайлауалды бағдарламаларын ұсынады: әлеуметтік-мәдени даму, ғылыми қызмет, спортты дамыту және т. б.

Интернеттегі үгіт-насихат Zoom арқылы өтеді. Онлайн-кездесуге сілтемелер БПҰ-ның барлық мүшелеріне WhatsApp арқылы жіберіледі.

Сонымен қатар, "Сапалы сауда" бастауыш партия ұйымы Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданына тиесілі. "Сапалы сауда" БПҰ мүшелері "Primaries 2020"қосымшасы арқылы дауыс бере алады.


"Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысу үшін БПҰ-дан кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну 17 тамызда басталып, 28 тамызға дейін созылды. 14-30 қыркүйек аралығында көпшілік пікірталастар мен үгіт-насихаттар өтеді. Дауыс беру қорытындысы а.ж. 5 қазанда белгілі болады, жеңімпаздар ҚР Парламенті Мәжілісінде, сондай-ақ мәслихатта ұсынылады.


ҚР СИМ баспасөз қызметі