26–27 маусым күндері Беларусияның Минск қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Жоғары экономикалық кеңесінің отырысында Одаққа мүше мемлекеттер басшыларына 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың Стратегиялық бағыттарының орындалу барысы туралы баяндама ұсынылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп дайындаған бұл құжатта Стратегия-2025 және оған сәйкес іс-шаралар жоспарын іске асырудың төртінші жылының нәтижелері қамтылған.
Стратегия-2025 аясында көзделген іс-шаралардың орындалуы ЕАЭО жұмысына елеулі ықпал етіп, ЕАЭО туралы шарт аясындағы басым бағыттар бойынша экономикалық интеграциялық үдерістерді дамытуға серпін беруде.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО туралы шарт аясында өнеркәсіп саласында бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігі құрылды,
ЕАЭО-дан экспортты жеңілдету мақсатында тауарлардың шығу тегін анықтаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімге қол қойылды.
Одақ мемлекеттерінің басшыларына бесжылдық жұмыстың қорытынды талдамалық есебін 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында ұсыну жоспарлануда.