ЕАЭО қаржы нарықтары жөніндегі комитетінің Консультативтік отырысы өтті

ЕАЭО қаржы нарықтары жөніндегі комитетінің Консультативтік отырысы өтті

2025 жылдың 23 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың төрағалығымен Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің (Комитет) отырысы өтті.

Отырыс барысында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру мен жетілдіруді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығын одан әрі қалыптастыруға байланысты түйінді мәселелер талқыланды.

Отырысқа қатысушылар ортақ қаржы нарығын қалыптастыру бойынша сараланған тәсілді, сондай-ақ үйлестіру мерзімдерін өзектендіру мәселелерін талқылады.

Қатысушылар 2025 жылдан кейін қаржы нарығын үйлестірудің одан әрі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Комитет мүшелері келесі құжаттарды қарастырды:

– 2024 жылғы ЕАЭО мемлекеттерінің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы есеп. Есепте банк және сақтандыру секторларында және бағалы қағаздар нарығында заңнаманы үйлестіру жөніндегі жұмыс көрсетілген;

– терминология бөлігінде ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын үйлестіру және бағалы қағаздар нарығында брокерлердің қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын ЕАЭО-ның жалпы қаржы нарығына жіберу мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар туралы ұсынымдар;

– ЕЭК ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп дайындаған ұлттық рейтингтік агенттіктерді өзара тану және ЕАЭО-да рейтингтік агенттік құру туралы мәселелерді пысықтау туралы баяндама.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бәріне бірдей мүмкіндік беретін  ортақ қаржы нарығын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.