Министр азаматтарды қабылдау кезінде Ресей өкілдерінің халал өнімдерін Мәскеуге экспорттау туралы ұсыныстарын қарады

Министр азаматтарды қабылдау кезінде Ресей өкілдерінің халал өнімдерін Мәскеуге экспорттау туралы ұсыныстарын қарады

Бүгін, 2020 жылғы 25 қыркүйекте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

РФ фермерлік индустрия қауымдастығының өкілі «Фуд Сити» көтерме-бөлшек азық-түлік орталығының мүмкіндіктерін таныстырды.

Кәсіпкерлік қоғамдастықтар өкілдерінің айтуынша, «Фуд Сити» – бұл Мәскеу облысындағы көлемі 346 шаршы метрді құрайтын ауқымды агрокластер, онда Беларусь, Украина, Әзірбайжан азық-түлік брендтері ұсынылған. Бүгінгі таңда «Фуд Сити» сауда операцияларына 53 ел қатысады.

Экономикалық байланыстарды кеңейтуде және осы алаңда қазақстандық азық-түлік өнімдерінің ұсынылуына мүдделілік белгіленді.

Ресейлік сатып алушыда қазақстандық халал өнімге деген жоғары сұраныс бар екені және осыған байланысты сауда орталықтарының сөрелерінде үлкен перспективалар бар екені атап өтілді.

Сонымен қоса, қазақстандық халал өнімді ілгерілетудің практикалық идеялары ұсынылды. Олардың ішінде: «Фуд Сити» базасында «Халал Қазақстан» КТО құру, қамтамасыз етілген өткізу нарығы (дайын дүкендер альянсы, метро жанындағы жәрмеңкелердегі сауда орталықтары) және т.б..

Министр Ресей нарығының ұлттық экспорт үшін маңыздылығын растады және өз кезегінде, Қазақстанның «ҰТЖ» сауда ведомствосының ірі жобасымен жанасуын ескере отырып, «Фуд Сити» болашақта ЕАЭО елдері мен ОАӨ ұлттық тауар өткізу желілерінің бірлестігіне кіруді қарастыруды ұсынды.

Министр ҰТЖ басты мәндерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеуді теңдестіру мүмкіндігі екенін атап өтті.

Қазақстанның сауда ведомствосының басшысы келесі кезең ретінде қазақстандық халал өнімді ілгерілету бойынша өзара ынтымақтастықтың бастапқы жолдарын бірлесіп айқындауды, сондай-ақ КТО құру және халықаралық ҰТЖ құру бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.

Сауда мен экспортты дамытудың нақты шаралары айқындалатын Жол картасы СИМ мен ресейлік іскерлік қоғамдастықтың бүгінгі кездесуінің алғашқы практикалық нәтижесі болады.