Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов техникалық реттеу және тауарларды таңбалау саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы баяндады.
БАҚ өкілдерімен кездесуде спикер техникалық реттеу саласындағы цифрландыру — бұл жай ғана үрдіс емес, қазіргі заманның сын-қатерлеріне берілген жауап екенін атап өтті. Ол ашықтықты арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және өнімнің қауіпсіздігін, сондай-ақ тұтынушылардың, бизнестің және халықаралық әріптестердің сенімін қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
Цифрландыру аясындағы маңызды жетістіктердің бірі – техникалық реттеу бойынша ақпараттық жүйе (е-КТРМ) іске қосылып, өндірістік пайдалануға берілді. Бұл цифрлық платформа аккредиттеу, метрология, стандарттау, техникалық регламенттер, сәйкестікті бағалау және мемлекеттік бақылау сияқты техникалық реттеудің негізгі процестерін толық қамтиды.
Жүйе «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және мынадай мүмкіндіктер береді:
Бүгінде жүйеде 150 мыңнан астам белсенді пайдаланушы тіркелген – бұл мемлекеттік органдардың өкілдері, аккредиттелген субъектілер және техникалық талаптарға сай болуға ұмтылатын бизнес өкілдері. Сонымен қатар, е-КТРМ өзге мемлекеттік ақпараттық жүйелермен толық интеграцияланған және цифрлық із бойынша тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару модулімен жабдықталған. Бұл өз кезегінде әкімшілік қысымды төмендетуге ықпал етеді.
Цифрландыру аясында ұлттық стандарттарды машинада оқылатын форматқа көшіру жобасы да іске асырылуда – қазіргі таңда 9,4 мыңнан астам құжат цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл сәйкестікті автоматты түрде тексеруге және өзге цифрлық шешімдермен біріктіруге жол ашады.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап е-КТРМ жүйесі арқылы ЕАЭО сертификаттары мен декларацияларын рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, «халал» немесе органикалық өнімдер сияқты ерікті сертификаттаудан өтуге де болады. Жүйенің Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық ресурстарымен интеграциясы — сыртқы саудадағы кедергілерді жоюға және рәсімдерді жеделдетуге ықпал етеді
Екінші басым бағыт – тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу.
Бұл жоба контрафактілік өнімдермен күресуге, тауар айналымының ашықтығын арттыруға және бизнес үшін тең жағдай жасауға бағытталған. Таңбалау – бұл өнімге бірегей код қою арқылы оның шығу тегін және тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік беретін құрал. Бұл жүйе өнімнің нақты әрі сапалы екенін растайды.
Қазіргі таңда таңбалау жүйесі темекі өнімдері, аяқ киім бұйымдары, дәрілік заттарда қолданылады.
2025 жылы міндетті таңбалау жеңіл өнеркәсіп бұйымдары,сыра,мотор майлары, зергерлік бұйымдар тобына кеңейтіледі.
Сонымен қатар, пилоттық жобалар биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ),ақбөкен мүйізінен алынған өнімдер (дериваттар), тұрмыстық химия тауарлары бойынша жүзеге асырылуда .
Цифрлық таңбалау келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі атап өткендей, техникалық реттеу мен таңбалау саласындағы цифрлық шешімдерді жүзеге асыру – әділ және қауіпсіз экономикалық ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Министрлік цифрлық платформаларды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бұл сауданы жаңғыртуға, рәсімдердің ашықтығына және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауға үлес қосады.