Мемлекеттік қызметтегі этика, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі этика, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, әйелдердің құқықтарын қорғау» тақырыбында тақырыптық баяндама өткізілді.
Іс-шараны Әдеп жөніндегі уәкіл мен Заң қызметі департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Баяндаманың негізгі бағыттары келесідей болды:
• мемлекеттік қызметшілердің шектеулері мен міндеттері,
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
• сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары,
• этикалық нормаларды сақтау,
• әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету, еңбек ұжымында кемсітушілік пен жыныстық қысымның алдын алу.
Сонымен қатар, қызметтік этикеттің және ресми мінез-құлықтың сақталуының маңыздылығына назар аударылды. Қызметкерлерге діни көзқарастарды таңуға және оларды діни бірлестіктер қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейтіні айтылды.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарда және мемлекеттік мекемелерде шылым шегуге тыйым салу, сондай-ақ бәс тігумен және құмар ойындармен (тотализаторлар, букмекерлік кеңселер) айналысуға байланысты шектеулердің қатаң сақталуы қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және қауіпсіз еңбек жағдайын құру бойынша халықаралық тәжірибе мен практикалық ұсынымдарға да назар аударылды. Мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтуда басшылардың жеке үлгісі маңызды екені атап өтілді.
Қорытындылай келе, этика мен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік – бұл тек нормалар ғана емес, қоғам игілігіне бағытталған тиімді, әділетті және заманауи мемлекеттік басқарудың негізі екені атап өтілді.