2025 жылғы 1 маусымнан бастап ЕАЭО өнімдерінің сәйкестік сертификаттары, ЕАЭО декларациялары, қызметтердің сәйкестік сертификаттары, ерікті сертификаттау (Халал, органикалық өнімдер) «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ресімделмейді. Сондай-ақ жеке кабинет арқылы өтінімдерге қол жеткізу мүмкіндігі тоқтатылады.
Барлық пайдаланушыларға 2025 жылдың 31 мамыр күні сағат 23:59-ға дейін ашық құжаттарды ресімдеуді аяқтау ұсынылады.
2025 жылдың 1 маусымнан бастап ТР ЕАЭО сертификаттары мен декларациялары, сондай-ақ ерікті сертификаттау тек techreg.gov.kz порталындағы Техникалық реттеу ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.