Меню
Страницы

Қазақстанда Toyota RAV4 көліктерінің қауіпсіздік жүйесі тегін тексеріледі

Toyota Kazakhstan компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі — «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС 1997–1998 жылдары шығарылған жекелеген Toyota RAV4 автокөліктеріне қатысты ерікті түрде кері қайтарып алу науқанының жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Науқан аясында жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ генераторы тексеріліп, қажет болған жағдайда тегін ауыстырылады. Кері қайтарып алу науқаны түпнұсқа жабдық ретінде орнатылған Takata (NADI) өндірісінің газ генераторларымен жабдықталған автокөліктерге қатысты жүргізіледі.

Өндірушінің мәліметінше, уақыт өте келе жекелеген компоненттердің сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Бұл сирек жағдайларда қауіпсіздік жастығының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етіп, жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.

Көлік иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Toyota 20SMD-005 кері қайтарып алу науқанын бастады. Қажетті жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасындағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында тегін орындалады.

Көрсетілген жылдары шығарылған Toyota RAV4 автокөліктерінің иелеріне өз көлігінің аталған науқанға қатысу-қатыспауын VIN-коды арқылы тексеріп, қажетті жұмыстарды жүргізу үшін ресми дилерге жүгіну ұсынылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС

Байланыс тұлғасы: Андрей Дзюба

E-mail: adzyuba@toyota-motor.kz

Тел.: +7 (701) 531-82-38.

Социальные медиа
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері