
2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында коммерциялық көлік және жол логистикасы шешімдеріне арналған Comtrux Astana халықаралық көрмесі өтеді.
Көрме Қазақстан Республикасының ішкі нарығын дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және жергіліктендірілген өндірістерді ілгерілетуге бағытталған тиімді іскерлік алаң.
Экспозиция аясында ішкі нарықта сұранысқа ие өнімдердің кең ауқымы ұсынылады, оның ішінде:
Көрмеге қатысушылар арасында жергіліктендірілген өндірістер үлесінің жоғары болуы сауда саласын дамытуда ерекше маңызға ие. Бұл:
Көрме өндірушілер, дистрибьюторлар, сауда компаниялары және корпоративтік тапсырыс берушілер арасында тікелей өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде келісімшарттар жасасуға, өткізу арналарының кеңеюіне және бәсекелестік ортаның дамуына ықпал етеді.
Қатысушылар қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай және басқа да елдердің жетекші салалық компаниялары бар. Eurasian Construction Technology Astana көрмесінің қатар өткізілуі қосымша синергетикалық әсер беріп, іскерлік күн тәртібін кеңейтеді және салааралық келісімдер жасау әлеуетін арттырады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрмелерге Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 230 компания қатысып, 100-ден астам B2B кездесу өткізілді. Қол жеткізілген келісімдердің жалпы көлемі 200 млн теңгеден асты .
Көрмеге қатысу сауда саласындағы ұйымдар, дистрибьюторлар және сатып алу құрылымдары үшін практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады.
Іс-шараға қатысу үшін: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=41&utm_source=minerg&utm_medium=minerg&utm_campaign=minenrg