
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан ҚР Сауда және интеграция министрлігі халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтау туралы интернет-конференцияны өткізеді.
Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.
Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5978
Интернет-конференция форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы (бейнеконференция емес) екенін ескеруіңізді сұраймыз.
Ескертпе: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру не логин/пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өту маңызды.