
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасына енгізілетін өзгерістер туралы мәселелері бойынша интернет-конференцияны өткізеді.
Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.
Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/4703
Интернет-конференция форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы (бейнеконференция емес) екенін ескеруіңізді сұраймыз.
Ескертпе: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру не логин/пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өту маңызды.