
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлыбританияның сыртқы сауда министрі Ранил Джаяварденмен кездесуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігін еуропалық кеңістіктегі маңызды стратегиялық сауда-экономикалық әріптес ретінде қарастырады.
Кездесуде сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективалары, елдер арасындағы екіжақты және көпжоспарлы ынтымақтастықты кеңейту талқыланады.