Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2025 жылғы
7 қазандағы № 89 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:
2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында 160 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 87 лицензия берілді, 72-і СЭҚ ТН коды дұрыс көрсетілмеген өтінімдеріге негізделген бас тарту және бекітілген мерзімге дейін жаңа жеткізушілер өтінімдеріне негізделген бас тарту берілді,
1 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде:
1 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 - НҚ бұйрығына сәйкес:
Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:
– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 176,119 тонна (41,9%),
6 лицензия берілді, қалғаны 243,88 тонна;
– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна,
8 лицензия (100%) берілді;
– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде 1 200 тонна,
7 лицензия (100%) берілді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 273-НҚ Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу және оларды бөлу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін импорттауға автоматты лицензиялау енгізілген.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне сәйкес жыл сайынғы көлем 135 тоннадан аспайды (2030 жылғы 21 наурызға дейін).
2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында мемлекеттік қызметті алуға өтініштер түскен жоқ.
Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).
Орындаушы: Сауда комитеті