Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы

2023 жылғы 9 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында елімізге ресейлік инвестицияның жалпы ағыны 1,123 миллиард АҚШ долларын құрады.

А.ж қараша айы бойынша Қазақстанда келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін Ресейдің заңды тұлғаларының қатысуымен 22 мыңнан астам компания бар:көтерме және бөлшек сауда;
құрылыс;
ақпарат және байланыс;
әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы қызмет;
өңдеу өнеркәсібі;
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет.

2023 жылы 8 айдағы екіжақты сауда көлемі 17 миллиард доллардан сәл астам соманы құрады. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстаннан Ресейге экспорт 21,4%-ға өсіп, 6,4 млрд долларды құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында Ресейден Қазақстанға Импорт 8,2% - ға төмендеп, 10,6 млрд долларды құрады.

2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 27 млрд долларға жетті, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда (24,6 млрд доллар) 9,5%-ға жоғары.

Қазақстаннан Ресейге экспорт 2022 жылы 29,5%-ға өсіп, 9,1 млрд долларды құрады. Қазақстанға Ресейден импорт 2022 жылы 1,6%-ға өсіп, 17,9 млрд долларды құрады.

Соңғы 5 жылдағы жеткізу динамикасы өсумен сипатталады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2022 жылы шамамен 46% - ға дейін өсті. 

Дата публикации
08 ноября 2023