Абай облысында демалыс базасы тұтынушыларға 100 мың теңге көлеміндегі алдын ала төлемді қайтарды

Абай облысында демалыс базасы тұтынушыларға 100 мың теңге көлеміндегі алдын ала төлемді қайтарды

2026 жылғы тамыз айының басында Абай облысының Мақаншы ауданында Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс базаларының бірінде демалуды жоспарлаған отбасы отбасы мүшелерінің бірінің денсаулығына байланысты сапардан бас тартуға мәжбүр болған.

Тұтынушылар демалыс базасында нөмірді алдын ала брондау үшін 100 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Алайда туындаған жағдайларға байланысты олар қызметті пайдалана алмаған және орындаушыға броньнан бас тартатыны туралы хабарлаған.

Осыған қарамастан, демалыс базасының басшылығы ықтимал шығындар мен алынбаған пайданы негізге алып, ақшалай қаражатты қайтарудан бас тартқан.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, шартты бұзған жағдайда көрсетілмеген тауар (жұмыс, қызмет) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) беру тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және оларға нұқсан келтіретін шарттарға жатады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сотқа дейінгі шағымды дайындауға жәрдем көрсетіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды қорғау тәртібін түсіндірді.

Шағымды қарау нәтижесінде демалыс базасының басшылығы тұтынушылардың талаптарын ерікті түрде қанағаттандырып, алдын ала төленген қаражатты толық көлемде қайтарды.

Жыл басынан бері Абай облысында алдын ала төлем мәселелері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау нәтижесінде азаматтарға шамамен 800 мың теңге қайтарылды.

Департамент тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау үшін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы екенін еске салады.