
Сапасыз тауар мен қызмет алу барысында тұтынушының құқығы
Егер тұтынушының құқықтары мен заңды мүддесі бұзылса, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңының 42-4-бабына сәйкес құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы бұзушылықтарды жою және тұтынушыға келтірілген залалды өтеу туралы наразылықпен өтініш жасауға құқығы бар.
Наразылық хат қалай жазылады?
Наразылық хат еркін түрде тұтынушы сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың сапасымен, қызмет алудағы құқықтарының бұзылғандығы, талаптары мен тұтынушылық даудың мән-жайлары қамтылады.
Наразылық хат қайда жолданады?
Тұтынушы наразылық хатты жазып болған соң сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) қолма – қол (тұтынушының сатушы (орындаушы, дайындаушы) наразылық хатын қабылдап алғандығы туралы мәліметі болуы тиіс) сатушының (орындаушының, дайындаушының) мекен жайы бойынша, электронды түрде немесе почта арқылы жібере алады.
Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушының наразылық хатына жауап береді ме?
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.
Егер сатушы (орындаушы /дайындаушы) тұтынушының наразылық хатына жауап бермесе?
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік 10 күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Мысал: 2025 жылдың тамыз айында «М» есімді азаматша онлайн қызмет алу арқылы 20000 теңгеге қазан айына демалыс орнына тапсырыс берген. Отбасылық жағдайына байланысты, қазан айындағы демалыс орнынан тапсырысын жоюды және алдын ала төлеген төлемін қайтару бойынша қызмет көрсетушіге электронды почта қызметі арқылы наразылық хат жолдаған.
Тұтынушының хатына қызмет көрсетуші негізсіз бастартуына байланысты, «М» есімді азаматша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне «Е –өтініш» жүйесі арқылы өтінішін қалдырды. Департамент бұдан әрі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңына сәйкес, арызда көрсетілген қызмет көрсетушіге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, арызда жазылған кемшіліктерді жою үшін нұсқама ұсынылды. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде, қызмет көрсетуші кемшіліктерін толық мойындап, ағымдағы жылдың шілде айында алдын ала төлеген төлемін тұтынушыға қайтарып берді. Яғни, «Г» есімді азаматшаның арызында көрсетілген кемшіліктер толық шешімін тапқанын хабарлады.