Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Әшімханұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға бес тұтынушы келді. Олардың айтуынша, «МассажКомфорт» ЖК өкілдері массаж жамылғыларын сатып алуға үгіттеп, азаматтардың жеке мобильді телефондарын алып, «Хоум Кредит Банк» мобильді қосымшасы арқылы 220 000 теңгеге несие рәсімдеген. Кейіннен аталған тауарлар тұтынушыларға сатылған.
Департаменттің жедел араласуы нәтижесінде «МассажКомфорт» ЖК басшылығымен байланыс орнатылып, мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешімін тапты. Тұтынушылық несиелер екі жақтың келісімімен жабылып, тауарлар сатушыға қайтарылды. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы 1 100 000 теңге қайтарылды.
Сонымен қатар, азаматтарға Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының нормалары және осындай жағдайларда мәселені дұрыс шешу жолдары түсіндірілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады:
📞 Жедел желі телефондары:
+7 771 322 82 82
+7 700 606 00 71
+7 775 224 56 16
Сондай-ақ электрондық және жазбаша өтініштерді келесі жолдармен жолдауға болады:
«e-Gov.kz» порталы арқылы
«е-otinish» сервисі арқылы
қолма-қол түрде «Қазпошта» АҚ арқылы департамент мекенжайына
📍 Азаматтарды қабылдау мекенжайы: Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32-үй, 16 ғимарат, А корпусы, 427-кабинет.