
Мерекелерді өткізу үшін банкет залын брондау — Қазақстанда үйреншікті тәжірибе. Әдетте, мекеме болашақ іс-шараның кепілі ретінде қызмет ететін алдын-ала төлемді талап етеді. Бірақ мереке тоқтатылса немесе қызмет көрсетілмесе не істеу керек? Тапсырыс беруші төлеген қаражатты қайтаруға құқылы ма?
Осындай жағдаймен бір тұтынушы ағымдағы жылдың шілде айында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне жүгінді. Тұтынушының айтуынша, ол қаланың банкет залдарының бірінде мейрамханаға тапсырыс берген, бірақ жеке жағдайларға байланысты бұл шарадан бас тартуға тура келді. Банкет залының әкімшісі алдын-ала төлемді қайтарудан бас тартты, ол таңдалған күнге басқа тапсырыстардың жоқтығына сілтеме жасады.
Осы жағдайды ескере отырып, Департамент келесіні түсіндіреді:
Егер тараптар арасында депозит кез келген жағдайда қайтарылмайды деген арнайы келісім болмаса, онда ҚР Азаматтық кодексінің 338-бабына сәйкес тұтынушы төленген қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы.
Мейрамхана іс-шараға дайындыққа байланысты нақты шығындарға ұшырағанын дәлелдей алатын жағдайлар ғана қаражатты қайтармауға негіз болып табылады. Мұндай жағдайда ҚР АК 686-бабының негізінде тек осы расталған шығындар ғана ұсталынып қалады.
Сондай-ақ Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 6-тармағы, шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарт сатушыға (Орындаушыға, дайындаушыға) шарт бұзылған жағдайда ұсынылмаған тауар (қызметтер, жұмыстар) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын береді.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Департамент сотқа дейінгі шағым жасауға көмек көрсетті, оның барысында банкет залы тұтынушыға 50 000 теңге мөлшерінде алдын ала төлегені үшін ақшалай қаражатты қайтаруға шешім қабылдады.
Егер тұтынушылар осындай жағдайға тап болса:
Департамент дәлелдемелер жинауды ұсынады: чектер, аударымдар, хат-хабарлар, бронь деректемелері. Банкет залына жазбаша шағым жіберіңіз. Талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда-өз құқықтарыңызды қорғау үшін Сіз Департаментке мына мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Павлодар қ., Генерал Дүйсенов к-сі, 9,e-otinish.gov.kz платформасы арқылы , ақпараттық жүйе e-tutynushy.kz немесе сенім телефоны 8 (7182) 55 10 70 арқылы да шағым жасауға болады.