2024 жылдың 1 тамызында өткен Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инстаграмм арнасындағы тікелей эфир тақырыбы осылай аталды.
Соңғы уақытта азаматтардан диллерлерден сатып алынған автомобильдердің сапасыздығы туралы шағымдар жиі түсуде.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, атап айтқанда Заңның 42-4-бабына сәйкес кез келген азамат орындаушыға, сатушыға құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою және осы бұзулардан тауардың, көрсетілетін қызметтің кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға құқылы.
Заңның 24-бабына сәйкес сатушы, орындаушы тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) кемшiлiктерi салдарынан тұтынушының өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген залалды (зиянды) тиiсiнше де, тиiсiнше сапасыз да айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Заңның 30-бабына сәйкес тұтынушы тауардың кемшіліктерін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал тауардың сапасын сатушы (дайындаушы) қосымша тексеру (сараптама) қажет болған кезде - тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.
Өкінішке орай, іс жүзінде тұтынушыға бұзылған құқықтарын қалпына келтіру оңай емес.Тікелей эфирге тәуелсіз сарапшы, заң ғылымдарының магистрі Табанбаев Айшабиби қатысты.
Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері талқыланды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы сот тәжірибесінің мысалдары келтірілген.