
29.05.2024ж Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы орынбасарының м.а – Мусина Мадина Ислямовна Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері бойынша "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбында онлайн брифинг өткізді.
Департамент басшысы орынбасарының м.а брифингте Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құзыреттері туралы ақпараттармен бөлісті.
Бүгінгі күні тұтынушылардың өтініштері тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үш кезеңдік жүйесі бойынша қаралады және бірінші кезеңде тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгінеді.
Тұтынушы уәкілетті органға жүгінер алдында мәселені жазбаша шағыммен жүгіну арқылы бизнес субъектісімен тікелей шешуге құқылы. Егер бизнес субъектісі өтінішке 10 күн ішінде жауап бермесе, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органға жүгінеді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментке тұтынушылар 2103 өтінішпен жүгініп, тұтынушыларға 135 млн теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды.
2023 жылдың соңында ішкі нарықты қорғауға және отандық өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған "Сапалы өнім" әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.
Осы орайда, 2024 жылдың мамыр айын қоса алғанда "Сапалы Өнім" жобасы аясында қоғамдық бірлестіктермен 7 Өнім атауы бойынша зерттеу жүргізіліп, 2 Өнімнен зерттеу нәтижесінде мыспен темірдің артық мөлшерлері табылды.
Сараптама нәтижелерінің қорытыныдылары құзырлы органдарға жолданып, сатылымнан тоқтату жұмыстары жүзеге асырылады.