«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұтынушыларға ұсынылатын тауар, көрсетілетін қызмет, дайындалып берілетін жұмыстар сапалы және қауіпсіз болуы шарт. Заң аясында, тұтынушы құқықтары мен сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) міндеттері белгіленген. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) және моральдық зиянды өтетуге құқығы бар.
Тұтынушы құқығы бойынша 2023 жылы Департамент 1310 тұтынушы өтініштерін қарады, 2022 жылмен салыстырғанда 34%-ға артық.
Басым бөлігі, бөлшек сауда (525 өтініш), электронды сауда (329) және тұрмыстық қызметтер (202) салаларына қатысты тіркелді. Қалған 254-і тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (61 өтініш), көлік (27), туристік қызметтер (39), қаржы (22), қоғамдық тамақтану (27), байланыс (33), медицина (21), білім беру қызметтерінің (24) үлесінде.
Өтініштердің артуы жүргізілген халықты құқықтық сауаттандыру жұмыстарының нәтижесі екенін атап өтуге болады, яғни облыс тұтынушыларының өз құқықтарын қорғау бағытында белсенді азаматтық ұстанымы жоғарылады. Сондай-ақ, тұтынушыларға қызмет көрсетушілердің заңнамалық талаптарды тиісті дәрежеде орындамайтынын көрсетті.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 739 тұтынушының мәселесі қанағаттанарлық дәрежеде шешілді, 441 тұтынушыға құқықтық көмек берілді.
2023 жыл қорытындысы бойынша облыс тұтынушыларына 46,4 млн. тенге ақшалай қаражаты кейін қайтарылды, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 38,3 млн теңгені құрады, яғни 8,1 млн. теңгеге артық.
Заңға сәйкес, әр мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде тұтынушылар өтініштерін қарайды. Осыған байланысты, 116 өтініш тиісті мемлекеттік органдар қарауына жолданды.
2023 жылы Департамент үшінші тұлға ретінде 17 сот отырысына қатысып, тұтынушы құқығының бұзушылықтарына қатысты пікір білдірді. Оның 13-інде сот шешімі тұтынушы жағына шешілді, 15,4 млн. теңге тұтынушы қаражаты қайтарылды. 4 сот отырысы жалғасуда.
Сауда және тұтынушылар құқығы заңнамалық талаптардың бұзушылықтары бойынша 83 кәсіпкерлік субъектілерге әкімшілік шара алынды, оның ішінде 59 «ескерту» түрінде әкімшілік жаза және 676200 теңге айыппұл.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 40 бабына сәйкес, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Облыстың қоғамдық бірлестіктеріне 2023 жылы 1172 тұтынушы жүгінген, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 38,3 млн. теңге тұтынушы қаражаты сотқа дейінгі және сот шешімімен қайтарылған. Қоғамдық бірлестікке жүгінген 882 тұтынушының мәселесі оңды шешілді.
Болатов Ислам Болатұлы - «Тұтынушылар ұлттық палатасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті:
2022 жылдың 21 қарашасында Ақтөбе қаласының медициналық клиникаларының біріне азаматша Г. миопия бойынша лазерлік түзету операциясын жасау үшін жүгінді.
Емделушіге отаның сапасыз жасалғаны белгілі болды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тұтынушы Мәскеу қаласына баруға мәжбүр болды. Жасалған ота салдарын оған "көз қабығының стромальды бұлыңғырлы" диагнозы қойылды. Әрі қарай, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді, онда олар құжаттар бойынша бұзушылық болғанын және көздің дұрыс кесілмегенін анықтады.
Бұдан әрі емделуші дереу сотқа көру қабілетін қалпына келтіру және моральдық зиян үшін шығындарды өтеу туралы талап арызбен Ақтөбе қалалық сотына жүгінді.
Қалалық сот тұтынушының талабын қанағаттандырмады, ал сарапшылар дәрігердің кінәсі жоқ және көз өмірлік маңызды орган емес деп мәлімдеді.
Осыдан кейін тұтынушы тұтынушылар құқықтарын қорғау бағытында әрекет ететін қоғамдық бірлестік көмегіне жүгінді.
Қоғамдық бірлестік тұтынушы құқығының бұзылғанына байланысты, Ақтөбе облыстық сотқа апеляциялық шағым түсірді. Облыстық сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді өзгертті және тұтынушының пайдасына 1 миллион теңге моральдық зиян мен оның шығындарын өндіріп алуға шешім шығарды.
Осылайша азаматша Г.-ның құқығы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде қорғалды.
Тұтынушылық құқықтары бұзылған азаматтар сатушылар (орындаушылар, дайындаушылар) тарапынан мәселені шеше алмаса, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады.
Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштері мен шағымдарын https://e-tutynushy.kz платформасы арқылы түсіруге мүмкіндіктері бар.