
2020 жылғы 27 тамызда тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті мен М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – білікті заң кадрларын даярлау, тәжірибе алмасу және құқықтық ағартуға үлес қосу, сондай-ақ әлеуметтік құқықтануды дамыту және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы дауларды сотқа жеткізбей шешу жолдарын қарастыру.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен КАЗГЮУ Университеті заң клиникасының өкілдері комитет базасында азаматтарға заңнаманы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, құқықтық көмек көрсету бағытында да бірге жұмыс істеуге ниетті.
Бұл серіктестік туралы меморандум – тамыз айында студенттердің қатысуымен өткен «Өз құқығыңды қорға» жобасының нәтижесі. Жоба барысында студенттер комитетке келіп түскен шағымдарға жауап берген еді,ал студенттердің жұмысы Комитет сарапшылары бақылауында болды. Жобаға қатысқан үздік студенттерді марапатттау рәсімі де аталмыш іс-шара барысында өті.