Тұрмыстық техниканы, маркетплейс арқылы «бөліп төлеу» бойынша сатып алған жағдайда, қалай қайтаруға болады?

Тұрмыстық техниканы, маркетплейс арқылы «бөліп төлеу» бойынша сатып алған жағдайда, қалай қайтаруға болады?

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушы сатып алған  жуғыш шаңсорғышынан ақау шығып, соның ақшасын қайтарып алу үшін көмекке жүгінді.

Тұтынушы шаңсорғышты танымал маркетплейс алаңынан сатып алады, тауар қолына жетіп, техниканы тексерген кезде, жуғыш шаңсорғыштан ақау шығады.  Шаңсорғыштың  құрғақ сору кезінде ылғалды із қалдыратыны анықталады.

Тұтынушының тауарды қайтару туралы өтінішінен кейін онлайн-дүкен оны қабылдап, сараптамаға жібереді. Сараптама шаңсорғыштың дұрыс жұмыс істейтінін растайды. Алайда, тұтынушы тауарды тексерген компания ресми өндірушінің сервис-орталығы болмағандықтан  осы сараптаманың сенімділігіне күмән келтіреді.

Жоғарыда аталған процедуралар белгілі бір уақытты алады, ал тұтынушы рәсімделген бөліп төлеу бойынша төлемдерді уақытында жасап отырса да, тауар  сатушыда қала берген.

Департамент қызметкерлері онлайн-дүкеннің басшылығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 29-бабының 5-тармағына сәйкес: тауарды үлгі мен (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сай келетін тауарды беруіге міндетті.

Қазіргі уақытта Департаменттің жұмысының нәтижесінде шаңсорғыштың тапсырыс күші жойылды және тұтынушыға толық көлемде ақша қайтарылды.