Пәтердің интерьерін безендіру кезінде әркім ас үйге арналған жиһазды және сәндік элементтерді таңдауға ерекше назар аударады. Көбінесе үстел үсті мен қабырға шкафтары арасында алжапқыш орнатылады. Ол қабырғаның осы бөлігін қорғап қана қоймайды, сонымен қатар ас үйді қосымша безендіріп, эстетикалық функцияны орындайды.
Бірақ орындаушының істеген жұмыстары үй иесінің көңілінен шыға бермейді. Петропавл тұрғындарының бірі алжапқышы мен ас үй жиһазын жасау және орнатуға тапсырыс берген кезде жағымсыз жағдайға тап болды. Орнатқаннан кейін 2 айдан соң алжапқыш қабырғадан деформацияланып, қабыршақтай бастады. Жартыжыл бойы тұтынушы орындаушыға бірнеше рет ауызша хабарласып, табылған кемшілікті жоюды сұраған, бірақ нәтежесі болған жоқ. Орындаушыға қолма-қол табыс еткен жазбаша наразылық та жауапсыз қалды.
Азаматша А.-ның өтініші негізінде ҚР СИМ-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру іс-шаралары барысында жеке кәсіпкер түсіндірме жазбасын ұсынды, онда тұтынушы көрсеткен кемшіліктерді жоюдан бас тартуын жұмысты орындау кезінде пайдаланған желімнің сапасына жауапты еместігімен негіздеді.
Департамент мамандары орындаушыңың айтқан тұтынушының талаптарын орындаудан бас тарту негізі заңсыз екенін атап өтті. Сапалы жиһаз – бұл ең алдымен, оны жасаған кезде пайдаланылған материалдардың сапасы.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес егер тұтынушы жұмысты өз материалынан орындауды талап етпесе, орындаушы шартта айқындалған жұмысты өз материалынан және өз қаражаты есебінен орындайды. Жұмысты өз материалынан орындайтын орындаушы оның тиісті сапасы үшін жауапты болады.
Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
Сондай-ақ егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер тұтынушының наразылығына жауап бермегені үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сондай-ақ орындаушыға орындаған жұмысында анықталған кемшіліктерді жою туралы ңұсқама берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қарауында.
Талқылау барысында жұмыс тобының мүшелері қолданыстағы заңнаманы желілдіруге бағытталған көптеген ұсыныстар енгізіп жатыр. Ұсыныстардың бірі – заң жобасына «жұмыс (көрсетілетін қызмет) нәтижесі» ұғымын енгізу.
Сондай-ақ сапасы мен жасырын кемшіліктеріне қатысты ұғымдық аппаратқа келесі ұсыныстар да енгізілді:
Нақтылайтын осындай нормаларды қабылдау тұтынушылардың қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді деп ойлаймыз.