Сапасыз өнім үшін тұтынушыға 1 300 000 теңге қайтарылды

Сапасыз өнім үшін тұтынушыға 1 300 000 теңге қайтарылды

Ақтау қаласының тұрғыны зергерлік бұйымдар дүкенінен 1 300 000 теңгеге алтын сағат сатып алды.

Тауар жеткізілгеннен кейін, тексеру барысында оның сапаға сәйкес келмейтіні анықталған. Осыдан кейін тұтынушы тауарды қайтарып, төленген қаражатты қайтаруды сұрайды. Алайда, сатушы сапасыз тауар үшін төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан.

 Тұтынушы ҚР СИМ Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Өз кезегінде, Департамент мамандары сатушыға тұтынушының құқықтары мен орындаушының міндеттерін, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген талаптарға сәйкес, түсіндіріп берді. 

Атап айтқанда, Заңның 7-бабы 7-тармақшасына сәйкес, тұтынушылардың тауарды сапалы немесе сапасыз болуына қарамастан айырбастауға немесе қайтаруға құқығы бар.

15-баптың 1-тармағына сәйкес, егер сатушы тауардың ақаулары туралы ескертпеген болса, сапасыз тауар сатып алған тұтынушы өз қалауы бойынша талап етуге құқылы:

 1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

 2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;

 3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

 4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

 5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

 6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

 Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.

Нәтижесінде, сатушы тұтынушыға сапасыз тауар үшін төленген 1 300 000 теңгені қайтарды.

Құрметті тұтынушылар!

 Еске Саламыз:

Сатып алудан бұрын тауарды және тауарды қайтару шарттарын тексеріңіз.

Егер тауардан ақау анықталса, сатушыға жазбаша шағыммен хабарласыңыз.

Сатушы мәселені шешуден бас тартса, ҚР СИМ-нің аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне хабарласыңыз.

Өз құқықтарыңызды қорғау маңызды және заң әрқашан адал сатып алушының жағында болады.

Кеңес алу үшін Сіз Маңғыстау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласа аласыз немесе "Е-Otinish"платформасы арқылы өтініш жаза аласыз.