62,5 мың өтініш, 2 миллиард теңгеден астам қайтарылған қаражат мен жүздеген тексерулер - Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылды осылай қорытындылайды. 11 наурызда өткен алқа отырысында жұмыс негізгі нәтижелері айтылып, өңірлер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды, сондай-ақ комитеттің алдағы жоспарлары белгіленді.
Өтініштер саны артты: дабыл ма, даурығу ма?
2024 жылы Тұтынушылар құқықтарын қорғаукомитетімен оның аумақтық департаменттері азаматтардан келіп түскен 62561 өтінішті қарады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ғакөп көрсеткіш.Тұтынушылардың талаптары 44,5% жағдайда қанағаттандырылды: оларға тауарлар ақшасы қайтарылды немесе тауар алмастырылды. Соныменқатар, әрбір үшінші өтініш берушіге (33,8%) құқықтық көмек көрсетілді.
Шағымдардың басым көпшілігі бөлшек сауда (37,5%) және электрондық коммерция (23,2%) саласына тиесілі болған. Сондай-ақ, азаматтар тұрмыстық қызметтер, ТКШ мен байланыс сапасына жиі шағымданған. Комитет, сонымен қатар,
2025 жылдың алғашқы екі айындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Осы уақыт аралығында ведомствоға және оның аумақтық департаменттеріне 10 043 өтініш келіп түскен. Оның ішінде тұтынушылардың талаптары 41% жағдайда (4 113 өтініш) қанағаттандырылса, азаматтардың 31,1%-ына (3 128 адам) құқықтық көмек көрсетілген. Әкімшілік рәсімдер мен тұтыну нарығын бақылау аясында 1 898 өтініш (18,9%) бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді, ал 1 097 өтініш бойынша (10,9%) тауарларды кері қайтарып алу, сотқа дейінгі реттеу және талап қою қызметі бойынша жұмыс жүргізілді. Өтініштердің өсуіне қарамастан, олардың едәуір бөлігі оңды шешіліп, азаматтарды қорғау тетіктері жетілдірілді.
Өтініштерді талдау барысында ірі қалаларда шағымдардың едәуір артқаны белгілі болды:
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында шағымдар саны 44,7%–ға, ал Қарағанды облысында 24,2%-ға азайған. Алайда, сарапшылар бұл жағдайдың жақсаруынан емес, халықтың хабарсыз болуы себебінен екенін алға тартады.
"Шағымдардың өсуі - бұл азаматтардың сенімінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бизнестегі олқылықтардың белгісі. Біз кей аймақтарда тұтынушылар қайда шағымдану керектігін білмейтінін көреміз. Бұл жағдайды міндетті түрде өзгертуіміз керек", - деп атап өтті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Асқар Тынысбеков.
2024 жылдың шулы оқиғалары
Тұтынушылар құқығын қорғау саласында 2024 жыл өңірлік департаменттер қызметкерлерінің қатысуымен тұтынушылардың құқықтары толық көлемде қалпына келтірілген бірқатар резонанстық жағдайлармен есте қалды. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек:
Астанада тұтынушы автосалоннан электрокарсатып алған, алайда ондағы техникалық ақауларға байланысты сатып алудан бас тартқан. Елордалық СТҚҚД атсалысуымен медиативтік келісім аясында, тараптар 26,9 млн теңгені қайтару туралы шешімге келген.
Сондай-ақ, Астанада 28 тұтынушыға фитнес-орталықтардың пайдаланылмаған қызметі үшін 5,3 млн теңге қайтарылды. Клуб өз жұмысын бастамаған, ал басшылық абонементтер үшін алдын-ала жиналған ақшаны қайтарғысы келмеген.
Алматы, Шымкент және Түркістан облысында 85 тұтынушыға, департамент қызметкерлері сапасыз массаж жабындылары үшін 83,4 млн теңгені қайтаруға атсалысты. Тауарлар мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмеген, ал сатушылар оларды қайта алудан бас тартқан көрінеді.
Жетісу облысында АТҚҚД көмегімен 44 адам газ қазандықтарын орнату барысында көрсетілмеген қызметтері үшін 12,7 млн теңгені қайтарып ала алды. Сервистік компания өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, сот шешімі бойынша тұтынушыларға ақшаларын толық көлемде қайтарып берді.
Сол сияқты Қарағанды облысында 20 жолаушы рейсті кешіктіргені үшін 3,3 млн теңге көлемінде өтемақы алды. Әуе компаниясы жолаушыларға тамақ, уақытша тұрақтау орнын бермеген, салдарынан азаматтар шағым түсіруге бел буған.
Ал, Маңғыстау облысында 5 тұтынушы жеткізілмеген iPhone 14 және 15 Pro смартфондары үшін 2,5 млн теңгені қайтарып алды. Дүкен өз міндеттемелерін орындамаған, сол себепті ақша сот арқылы өз иелеріне қайтарылды.
Түркістан облысында 6 тұтынушы Түркияда өте алмаған тағылымдама үшін, 3,4 млн теңге қаржысын қайтара алды. Ұйымдастырушылар өз уәделерін орындамаған, нәтижесінде ақша азаматтарға қайтарылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің рейтингісі жасалды. Үздік нәтижелерді Астана, Шымкент және Алматы қалалары көрсетті.
Әрине, рейтингте алғашқы үштікті іскерлік белсенділігі жоғары және тұтынушылары көп қалалар алды. Астана мен Шымкент қалаларының үздіктер қатарынан табылуы - жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің жұмысының күшеюін көрсетеді.
Қоғамдықбірлестіктердітартаотырып, ҚР СИМ бастамасы бойынша іске асырылған "Сапалы Өнім" әлеуметтік жобасының қорытындылары да айтылды. Осылайша, 2024 жылы 2039 тексерілген тауарлардың 72%-ында таңбалау мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы анықталды. Салдарынан 392 бизнес субъектісіне қатысты әкімшілік шаралар қолға алынды, бұл мемлекет тарапынан одан әрі бақылау және нарықтағы сапа стандарттарын арттыру қажеттілігін көрсетіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, "Сапалы Өнім" жобасы тауарлармен қызметтердің сапасын жақсартуға, ішкі нарықты қорғауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Тұтынушылар сауаты артты, алайда келелі мәселелер әлі де бар
Тәуелсіз сарапшылар жүргізген әлеуметтанулық зерттеулер тұтынушылардың наразылығын тудыратын түрлі қызмет салаларындағы бірқатар мәселелерді анықтады. Ел өңірлерінде сауалнамаға қатысқан 10 мыңнан астам респонденттердің басым бөлігі көлік қызметтерінің сапасына наразылығын білдірді. Атап айтқанда, респонденттердің 64%-ы теміржол көлігі, ал 71%-ы автокөлік қызметтеріне көңілі толмайтындары анықталды. Шағымданудың негізгі себептеріне кестенің бұзылуы, шамадан тыс жүктеме, жұмысшылардың дөрекілігі және санитарлық нормаларға сәйкессіздік жатқызылды.
Туризм саласында сауалнамаға қатысқандардың 52,6%-ы пайдаланылмаған турлар үшін қаражатты қайтарудан бас тарту, шарттардың сәйкес келмеуі, жаңлған ақпарат беру және тамақты демалыс орындарына апаруға тыйым салу сынды мәселелерді атап өтті. Медициналық қызметтер саласында респонденттердің 41%-ы медицина қызметкерлерінің біліктілігі төмендігі мен дөрекілігін, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтамайтынын көрсетті.
Бұл ретте өңірдегі жағдай әрқилы: Қостанай, Қарағанды облыстары мен Жетісу облысының тұрғындары теміржол көлігі қызметіне жиі шағымданса, ал автомобиль көлігі қызметіне Атырау және Жетісу облыстары тұрғындары жиі шағым түсірген. Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары туристік қызметке қатысты көп шағымданған. Осылайша, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері тұтынушылардың экономиканың түрлі салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасына наразылығының жоғары екенін көрсетеді.
Комитеттің алқа отырысында 2025 жылға арналған жоспарлар туралы да атап өтілді. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті келесі бағыттар бойынша өз жұмысын жалғастыруды көздеп отыр:
-"Сапалы Өнім" жобасы: ішкінарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылар құқықтарын қорғау.
-Құқықтық сауаттылық: тұтынушылардың комитет жұмысынан хабардар болу көрсеткіші нарттыру бойынша ақпараттық науқан.
- Жағдайды бақылауға алу: проблемалық аймақтарды анықтауға арналған жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер.
- Жасанды интеллект: шағымдарды өңдеу және деректерді талдауды автоматтандыру үшін ЖИ енгізу.
2024 жыл Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы маңызды кезең болды. Комитет өкілдері азаматтардың өзмүдделерін белсенді түрде қорғайтынын және бұл оңүрдісекенін атап өтті.
"Әрине, әлі де көптеген түйткілді мәселелер бар, алайда мемлекеттің, бизнестің және қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында біз өркениетті тұтыну нарығын құра аламыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның әрбір азаматы өз құқықтары қорғалатынын сезінуі үшін өз жұмысын одан ары, қарқынды түрде жалғастыра береді. Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау «ерекшелік» емес, күнделікті өмір сүру нормасына айналуына қамтамасыз етуге тырысамыз. 2025 жыл одан ары оң өзгерістер әкеледі және азаматтардың өз құқықтарын қорғау жүйесіне деген сенімін нығайтады деп сенеміз", - деп атап өтті комитет өкілдері.