"Тұтынушылардың миллиондаған жеңістері: 102,4 млн теңгеге 72 адамның құқықтары қорғалды!"

"Тұтынушылардың миллиондаған жеңістері: 102,4 млн теңгеге 72 адамның құқықтары қорғалды!"

Ағымдағы жылдың басында Комитет жалпы сомасы 102,4 млн теңгеге 72 тұтынушының құқығын қорғады.

Астана қаласындағы осындай жағдайдың бірі тұтынушыларға сапасыз тауар үшін ақшалай қаражаттан бас тартуға байланысты болды.

Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті "B * * * * * * *" ЖШС сапасыз тауарларынан тұтынушылардың құқықтарын қорғады. 2024 жылдың 22 қаңтарында компания өз қызметін тоқтатқан және тұтынушыларға ақшаны қайтарудан бас тартты. Департамент өз тарапынан құқықтық көмек пен кеңес берді. Нәтижесінде 28 тұтынушыға 5 255 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Алматы тұрғыны К. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарына көмек сұрады. Бұған дейін ол "А**** Авто" автосалонына өтініш білдіріп, онда Сһ*** cobalt автокөлігін сатып алып, сапасыз тауар үшін ақшаны қайтаруды сұраған. Бірақ автосалон ақшалай қаражатты қайтарып беруден бас тартты.Нәтижесінде Департамент мамандарының көмегімен тұтынушыға 7 590 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Осындай жағдай Алматының басқа тұрғынына да қатысты. Алматылық "*** Premium Almaty " ЖШС компаниясына өтініш білдірді. Ол Hyundai Tucson көлігін сатып алды, ол да сапасыз болып шықты. Сатушы сапасыз тауар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Департамент "*** Premium Almaty " ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде құны 15  500 мың теңге болатын басқа автокөлікке айырбастау рәсімделді.

Тағы бір оқиға Алматыда да болды, бұл жолы тағы да массаж шапандарымен байланысты. Тұтынушылар "* * * * " ЖШС-нен массаж шапанын сатып алды, бірақ олар 14 күн ішінде қайтаруға шешім қабылдады. Алайда сатушылар тауар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Департамент құқықтық көмек пен кеңес берді. Нәтижесінде бес тұтынушыға 4  510 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Тағы 7 тұтынушы, Алматы тұрғындары "Vip * * *" ЖШС-нен массаж шапан сатып алып, оларды 14 күн ішінде қайтаруға шешім қабылдады. Департамент "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы заңгерлік кеңес берді және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ол 7 520 мың теңге көлемінде ақша қаражатын қайтарған.

Ақтөбеде тұтынушылар "*****" ЖШС және "*****" ЖШС-не көрсетілмеген туристік қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтарудан бас тарту туралы шағымданды. Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті сот процестеріне 3-ші тұлға ретінде қатысты. Нәтижесінде сот шешімі бойынша 6 тұтынушыға 10 500 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Маңғыстау облысының тұрғыны Е. "* * * " автосалонында Shevrolet cobalt автокөлігін сатып алды, алайда автосалон сапасыз тауар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Департамент сот процесіне 3-ші тұлға ретінде қатысты. Нәтижесінде тұтынушыға 7 426,1 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Түркістан облысының тұрғыны С. "* * * * " ЖШС сатып алған JAC js4 intelligent автокөлігі үшін ақшаны қайтарғысы келді. Департамент тауарды ауыстыру қажеттілігі туралы заңгерлік кеңес берді және сатушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сатушы екі ай ішінде құны 10 990 мың теңге болатын автокөлікті сол маркалы сапалы тауарға ауыстыруға міндеттенді.

Шымкентте тұтынушы А. Ресейлік өндірістің арматурасын  ЖК "**** *  сатып алды. Қолданыс барысында оның Қытайда жасалған арматура екені аңықталды. Департамент құқықтық көмек пен кеңес берді. Нәтижесінде 10 100,0 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Шымкент қаласының тұрғыны К. Prestige жиынтығының "*** * * * " ЖШС дилерлік орталығынан K * * * A K8 автокөлігін сатып алды, өкінішке орай онда көптеген ақаулар болған. Департамент "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның нормаларын түсіндіріп, екі тарап та келісімге келді. Нәтижесінде 20 000 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғады және 1 550 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды. "Д****" оқыту ұйымына өтінішпен сапасыз онлайн оқытуға шағымданған ата-аналар жүгінді. Оларға заңгерлік кеңес берілді, көрсетілетін қызметті берушімен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының 15 тұрғыны (Махамбет-Исатай көшесі, 9/1 мекенжайындағы үйдегі пәтерлердің тұрғындары мен иелері) үй бойынша көптеген ақауларға өтініш білдірді, алайда кәсіпкерлік субъектісі ақауларды түзетуден бас тартты. БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің мамандарының көмегімен тұтынушыларға  1 500 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.