Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар туралы

Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар туралы

Батыс Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Орал қаласының тұрғыны шағымданды. Ол супермаркеттердің бірінде таңбалауға сәйкес келмейтін өнімдерді тапқанын айтты.

Оқиға орнын аралау барысында үш тауардың қаптамасындағы таңбалауда тауар туралы мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, басқа өнімде мемлекеттік тілде ақпарат ілінген, бірақ тұтынушыларға қолжетімді болмағаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша кондитерлік өнім өндірушіге зерттеу хаттамалары берілді.

Кеден одағының 022/2011 техникалық регламенті (ТР КО 022/2011) «Тағамдық өнімдерді таңбалау бөлігінде» азық-түлік тауарларына олардың таңбалануы бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында міндетті талаптарды белгілейтін құжат болып табылады.. Ереже Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен қабылданып, 2013 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.қабылданып, 2013 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.

Осы техникалық регламент Кеден одағының аумағында азық-түлік өнімдерін таңбалау бөлігінде қолдануға және өткізуге қойылатын бірыңғай және міндетті талаптарды белгілеу, Бірыңғай кедендік аумақта өндірілген тамақ өнімдерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

 «Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар» заңнамасының 4.1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, «Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар» 4-бабы ТР КО 022/2011 «... жазулар түрінде қолданылатын оралған тамақ өнімдерін таңбалау орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасындағы тиісті талаптарды ескере отырып, Кеден одағына мүше мемлекеттің тілдерінде болу керек. 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына сәйкес «бір тілде немесе шет тілінде берілген мәліметтер ұсынылмаған болып саналады».