Дүкенде тұтынушы тоңазытқыш сатып алды, оның құнын төледі, бірақ бұдан басқа қосымша сервистік бағдарламаның үш жылдық сертификаты үшін тағы да төлеуге тура келді. Өндіруші зауыт тауарға кепілдік берген жағдайда, сатушы осы сертификат үшін ақша талап ете ала ма?
Егер қосымша қызмет көрсету бағдарламасының жарамдылық мерзімі тоңазытқышқа зауыттық кепілдік мерзіміне сәйкес келсе, онда сіз алданып қалдыңыз, өйткені сол қызмет үшін екі рет төленді. Егер бұл бағдарлама зауыттық кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін әрекет ете бастаса, тұтынушы өндірушінің кепілдігі аяқталғаннан кейін оған қосымша қызмет көрсету қажет пе, жоқ па, соны өзі шешуі керек.
Бұл жағдайда Сізге бас тартуға болатын қызмет жүктелген, ал дүкен сатушысы талап етуге құқылы емес.
Дереккөз: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша оқу-әдістемелік құрал / Д. К. Оспанова, Д. Б. Тебаев, в. К. Сыздықов және т. б.