Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құзыреттері:

Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құзыреттері:

Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңымен реттеледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары:

- тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау

- сатушы (дайындаушы, Орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)туралы ақпараттың қолжетімділігі мен дұрыстығы

- тұтынушыларды ағарту, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру

- тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар реттілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету

- электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерін сауданың басқа нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғауды қамтамасыз ету

- тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы

- тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз ету.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырамыз:

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментке тұтынушылар 2579 өтінішпен жүгінді.

      E-Otinish платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы - 1196 өтініш.  900-ге түсініктеме берілді, оның ішінде 109 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді, 120 өтініш келесі айға ауыстырылды, 150 жағдайда тұтынушылардың мәселесі реттелді, тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы – 26,8 млн теңгені құрады.

Telegram Bot арқылы 448 өтініш келіп түсті, олар бойынша тұтынушыларға олардың сұрақтарына түсініктемелер берілді.

       Азаматтарды жеке қабылдау барысында 340-тан астам тұтынушы қабылданды, 313 жағдайда тұтынушылардың өтініштері жұмысқа тіркелді. Қабылданған өтініштердің 118-і бойынша түсініктемелер берілді, 40 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді.

Жедел желі телефонына тұтынушылардың 475-тен астам қоңырауы келіп түсті, әрбір сұраққа тұтынушы түсініктеме және маманның сауатты кеңесін алды.

Осылайша, қайтарудың жалпы сомасы, жартыжылдықта – 13, 790 млн.теңге, шілде айында -15,517 млн. теңге, тамыз айында-26,892 млн. теңге.

  Салалар бойынша өтініштердің сипаты:

- бөлшек сауда қызметтері саласында-1093;

- қоғамдық тамақтану саласында-67;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері саласында-110;

- тұрмыстық қызмет көрсету саласында-573;

– медициналық қызметтер саласында-19;

- туристік қызметтер саласында-74;

- қаржылық қызметтер саласында-40;

- байланыс қызметтері саласында-50;

- білім беру қызметтері саласында-58;

- көлік қызметтері саласында-58;

- электрондық сауда саласында-527;

- басқалары-239.

 

2) ҚР заңнамасын бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолданамыз (әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

2023 жылы КҚ бойынша 21 бизнес субъектісі ҚР ӘҚБтК 190-бабының 5-бөлігі 3тармағы "ескерту" түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Анықтама: 190-баптың 5-бөлігінің 3-бөлігі "сатушының (дайындаушының, Орындаушының) ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы шағымға жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы"

 

3) Тұтынушыларды ақпараттандыруды, консультация беруді және ағартуды ("дөңгелек үстелдер", семинарлар, "ашық есік күндері", дәрістер, "жедел желі" телефондары, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары және көрнекі үгіт арқылы) жүзеге асырамыз;

 

Тұтынушыларды ағарту мақсатында халық арасында тұтынушылық сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Мамандар жедел желі телефоны бойынша кеңес береді, шағым хаттарын жасауға көмек көрсетеді.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет аясында Департамент Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде посттар жариялайды.

         Сонымен қатар, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың барлық кәсіпкерлерін "E-tutynushy"бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркелуге шақырамыз.