Сапасыз косметологиялық қызмет

Сапасыз косметологиялық қызмет

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Дәулен Данатұлы Қабдушевтің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың басынан Департамент атына 227-ден астам өтініш келіп түсті.

Мысалы, өтініштердің бірінде тұтынушы сапасыз косметологиялық қызметке шағымданып, тұтынушының наразылығына жауап бермеді.

Өткен жылдың 21 қазанында Павлодар қаласының тұрғыны «Мезотерапия» процедурасына салонның косметологына жазылды, ал ол оны «Смас-лифтинг» рәсімінен өтуге сендірді. Косметологтың берген ақпараты бойынша, процедура жанама әсерлер туғызбайды және бет лифтингінің оң нәтиже береді. Көрсетілген қызмет үшін тұтынушы 45 000 (қырық бес мың) теңге көлемінде ақшалай қаражат төледі. Процедураны алғаннан кейін ол бет пен жақ сүйектерінің аймағында ісіну мен ауырсыну, сол жағында тітіркену басталды, бетіндегі май қабаты күйіп, терісі салбырап кетті, қартаю дақтары, терінің толық ұйып қалуы, терең әжімдер және бет асимметриясы пайда болды. Процедураны қолданудың жанама әсерлері туралы түсініктеме болған жоқ. Тұтынушы салонға бірнеше рет жүгінген, бірақ косметологтар нәтиже 3-4 ай немесе одан да көп уақыттан кейін болатынын түсіндірді, кейіннен тексеру үшін қабылдаудан бас тартты.

Өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушы ағымдағы жылдың қаңтар айында Департаментке жүгінді. Департамент тұтынушының өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген 10 күн мерзімде тұтынушының наразылық хатына жауап берілмегені анықталды. Бұл факт тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылық хатқа жазбаша жауап бермеу тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Заңның 42-4-бабы 2-тармағын бұзу болып табылады, оны бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 190-бабы 5-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Нәтижесінде Департамент жіберілген бұзушылықтар үшін сатушыны ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, тұтынушы бет жағдайының нашарлауына байланысты медициналық мекемелерге жүгінді. Бет терісін қалпына келтіру үшін ем алды.

Осыдан кейін тұтынушы материалдық және моральдық залалды өтеу үшін Павлодар қалалық сотына талап арызбен жүгінді. Департамент сотқа үшінші тұлға ретінде қатысты. Департамент осы талап-арызға өтінішінде «талап-арыз негізді және қанағаттандырылуға жатады» деген ұстанымы көрсетілді.

Заңның 13-бабына сәйкес тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқығы көзделген.

Бұдан басқа, Заңның 10-бабына тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы осы Заңның 25-бабына сәйкес толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.

Заңның 16-бабында тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету құқығы регламенттелген. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеуді талап ету құқығы сатушының (дайындаушының, Орындаушының) кінәсіне қарамастан және онымен шарттық қатынастарда болған-болмағанына қарамастан кез келген тұтынушы үшін танылады.

Заңның 31-бабын сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) құрастыру, рецептілік немесе өзге де кемшіліктер салдарынан не тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс.

Заңның 21-бабына сәйкес сатушының Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеуді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сот немесе тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыруы мүмкін.

Сот отырыстарының нәтижесінде істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот ақшалай қаражатты қайтару туралы, материалдық зиянды өндіріп алу туралы, моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапты ішінара қанағаттандыру және салонға тұтынушыға 629 155 (алты жүз жиырма тоғыз мың жүз елу бес) теңге сомасында ақшалай қаражат төлеу міндетін жүктеу туралы қорытындыға келді.

Егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 9 мекенжайы бойынша немесе өтініштерді қабылдаудың бірыңғай платформасы арқылы жүгіне алады E-otinish.gov.kz, бірыңғай ақпараттық жүйе E-tutynushy.kz немесе 8(7182) 551070 сенім телефонына хабарласыңыз.