Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті W. интернет-дүкеніне шағымданған тұтынушылардың өтініштерін уақытылы және тиімді қарауда

Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті W. интернет-дүкеніне шағымданған тұтынушылардың өтініштерін уақытылы және тиімді қарауда

 Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаментіне (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылдың басынан бері W.  интернет-дүкенінің ақшаны қайтармайтыны туралы 20-ға жуық тұтынушы шағымданды.

Кейбір жағдайларда тауарды сатып алу кезінде тұтынушының шотынан екі есе мөлшерде ақшалары алынады, тауарды қайтару кезінде төленген ақшалай соманы қайтару уақтылы жүзеге асырылмайды, сондай-ақ сапасы тиісті емес тауар қайтарылған жағдайда интернет-дүкен тұтынушының ақшасын ұстап қалады.

Осылайша, интернет-дүкен клиенттерінің бірі азаматша А. сапасыз қайтарылған тауар үшін 1 181 теңге мөлшерінде заңсыз ұсталған соманы қайтаруға қол жеткізе алмады және бірнеше рет техникалық қолдау қызметіне жүгінді.

Азаматша А.-ның айтуынша, ол тек стандартты хабарламалар ғана алған, бірақ ақша түспеген.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті W. маркетплейсінің басшылығымен тұтынушылар құқығына қатысты кеңестер өткізуге бастамашылық етті, оның барысында Комитеттің ұсыныстары тыңдалып, оң қаралды.

Сонымен қатар, W. интернет-дүкенінің басшылығы тұтынушылардың барлық өтініштері сапалы әрі уақытылы қаралатынына сендірді.

Департамент басшысы Жұмамұрат Алдашевтың айтуынша, «Департамент осы және басқа да жағдайларда тұтынушылардың құқықтарын бұзылу жағдайлары бойынша интернет-дүкен өкілімен тікелей жұмыс істейді.

Тұтынушылардың 20 өтініші бойынша ақшалай қаражаттары қайтарылды, ал бір тұтынушының мәселесімен жұмыс жүргізілуде. Тұтынушыларға қайтарылған қаражат мөлшері  601 000 теңгені құрады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыс тұрғындары W. интернет-дүкенінен ақшалай қаражаттарын қайтара алмаса, Департаментке хабарласуға болатынын назарына жеткіземін».

Тұтынушылар құқықтардың бұзылуына байланысты қосымша сұрақтар туындаса,  Департаменттің 8 (7132)-54-46-49, 8 (7132) - 54-81-20, 8 (7132) - 54-81-26, 8 (7132) -71-02-53 телефондарына жұмыс уақытында (Дс-Жм 09-00/18-30-ге дейін түскі үзіліспен 13-00/14-30-ға дейін) хабарласа алады.

Сондай ақ тұтынушылар өз өтініштерін eOtinish немесе e-tutynushy.kz ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілері арқылы қалдыра алады.