Мемлекеттік тіл саясатында тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі

Мемлекеттік тіл саясатында тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі

2023 жылғы 3 наурызда Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл: қызымет көрсету саласында, кәсіпкерлік нысанда» атты дөңгелек үстел және мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жиынға облыс прокурорының орынбасары С.Кушалиев, облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департамент басшысы Еділ Зайтбеков, әділет департаменті, кәсіпкерлік палатасы, ХҚКО филиалдары, нотариустардың төрағасы, жұмыспен қату мекемелерінің басшылары, банк басшылары, пошта қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін, сонымен қатар тілдік ахуал мәселелеріне талдау жасалды. Департамент басшысы Еділ Зайтбеков өз сөзінде «Мемлекеттік тілге құрмет ол бірінші кезекте күнделікті тұрмыс тіршілікте көрестілетін қызметті өз туған тіліңде заң аясында талап етуден басталу қажет және бұл бағытта Жетісулық азаматтар өз құқықтарын қорғау қажет. Заң талаптары бұзылған жағдайда департамент тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе өтініш-арыздарды бірлесе қарауға әзірміз» - деп, атап өтті.

Шара жалғасы мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өткізіліп, жүлдегерлерге Диплом, Алғыс хат, Сертификаттар табыс етілді.

Мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқаудың мақсаты: тілдік кемсітушілікті болдыраму, мемлекеттік тілдің қолданылуын көпшілік ортада насихаттау, мемлекеттік тілде қызмет көрсетіп жүрген дәмхана иелерін ынталандыру.

Бас жүлде: «Алым» мейрамханасы (Талдықорған қаласы).

Бірінші орын: «Village» мейрамханасы (Алакөл ауданы).

Екінші орын: «Теңіз хан» мейрамханасы (Талдықорған қаласы).

Үшінші орын: «Сұлтан» мейрамханасы (Текелі қаласы).

Ынталандыру: «Айша» мейрамханасы (Сарқан ауданы)

                          «Bueno» кафесі (Панфилов ауданы)

                          «Алатау» дәмханасы (Ақсу ауданы)

                          «Үшарал» кафесі (Алакөл ауданы)

                          «Жібек жолы» кафесі (Ақсу ауданы)

                          «Қапал самалы» кафесі (Ақсу ауданы).

Жалпы назарларыңызға сала кетсек, облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінде тұтынушыларға мемлекеттік тілде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ондағы көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәтіндерінде тіл және жарнама туралы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заңнама нормаларын түсіндіру, мәтіндердегі қателерді анықтау және аудармасы бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірге меморандумға отырып, келісімге келген.