2024 жылдың гранттық конкурстарына ұсыныстар жинақтау

2024 жылдың гранттық конкурстарына ұсыныстар жинақтау

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін қалыптастыру үшін ҮЕҰ-дан және қоғам белсенділерінен ұсыныс жинақтауды бастағанын хабарлайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттардың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды o.zhumabekov@mti.gov.kz поштасына жолдауды сұраймыз.

 

Ұсыныстар 2023 жылғы 31 наурызына дейін қабылданады.

 

Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:

8 (7172) 74 98 49

Қосымша