Зергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде тұтынушы нені білуі керек?

Зергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде тұтынушы нені білуі керек?

Зергерлік бұйымдар-бұл жұмбақты, өзіндік ерекшелікті, әйелдікті, жарықтықты жиі баса көрсететін таңғажайып заттар. Әділ жыныстың әр өкілі кейде жақсы көрінуге ғана емес, сонымен бірге таптырмас болуға тырысады, бұл көбінесе айтарлықтай шығындарға әкеледі.    

Қарағанды облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне алмаз жиынтығын сатып алып, асыл тастың - алмаздың түпнұсқалығына көз жеткізу үшін зергерлік дүкенге баруды шешкен азамат жүгінді. Зергер гауһар тастардың сынғанын анықтады.

Тұтынушы тауарды қайтаруды немесе айырбастауды қалады. Біздің мамандар тұтынушыға шағым хат жазуға көмектесті және тұтынушыға сараптама жасауды ұсынды.  Тұтынушыға ескерту үшін, Қазакстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның (бұдан әрі — Заң) 7-бабы негізінде тұтынушылардың: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)еркін таңдау; тауардың (жұмыстың, қызметтің)тиісті сапасы; тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастау немесе қайтару.
Заңның 30-бабына сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.

Егер талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуге тиіс.

Тауар сапасын қосымша тексерудің (сараптаманың) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екендігі немесе кемшіліктер тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны белгіленсе, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.

Тұтынушы сапаны тексеруге және тауарға сараптама жүргізуге өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға, сондай-ақ тауарды тексеруді (оның сараптамасын) өз есебінен жүргізуге құқылы.

Занының 42-4 бабына сәйкес, құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекен жайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрынкөрсеткенболса, жіберіледі. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы тұтынушыға осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде жазылған тәсілдермен ұсынылады.

Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы мерзімнің соңғы күнінен жиырма төрт сағат бұрын поштаға тапсырылса немесе басқа да байланыс құралдары бойынша жіберілсе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде наразылыққ ажазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

Егер Сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған болса және сіз мәселені өз бетіңізше реттей алмасаңыз, Сіз Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге құқылысыз. Өтініш беру үшін платформаларды пайдаланыңыз eotinish.kz және e-tutynushy.kz. Сіз Департаментке қағаз өтінішпен де жүгіне аласыз.