Жолаушылардың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Жолаушылардың қауіпсіздігі –  бәрінен маңызды!

Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екені белгіленген.

Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ауыл тұрғындарының бірінен өтініш келіп түсті. Тұрғын  автовокзалының кассирі, облыс орталығынан  ауылдардың біріне жүретін бағыттағы автобусқа билетін сатудан бас тартқаны үшін ашуланған. Сатудан бас тартуға автобустағы отыратын орындарға билеттің жоқтығы себеп болған.

Департамент мамандары мұндай жағдайда тұтынушының талабы неліктен заңсыз екенін түсіндірді. Олар бірінші кезекте тасымалдаушы пайданы емес, жолаушылардың қауіпсіздігін ойлауға міндетті екенін атап өтті.

Азаматша Ф. билет алғысы келген автобус ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау бағыты бойынша рейс жасайды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 521 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары.

Осы ережелерге сәйкес жолаушы билетте көрсетілген нөмірге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезінде автобустың отыратын орындарының санынан асатын мөлшерде жолаушыларды тасымалдау алынып тасталады. Сондай-ақ, стандартта автобус салонын апаттық шығуларға еркін қол жеткізуді шектейтін қосымша құрылымдық элементтермен жабдықтауға жол берілмейді. Мысалы, жолаушыларды қосымша тасымалдау үшін орындықтарды орындықтар қатарының арасына қоюға тыйым салынады.

Қағидаларда жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарында ғана жолаушыларды тасымалдауға және дайындаушы кәсіпорын белгілеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес автобустардың салонын толтыруға рұқсат етілетіні белгіленген. Яғни, қалалық немесе қала маңындағы қоғамдық көліктерде жолаушыларды автобустың толық төлқұжат сыйымдылығынан аспайтын тұрақты және отыратын орындардың саны бойынша тасымалдауға болады, –деп түсіндірді департамент басшысы.

Жолаушылар мен багажды жалпы пайдаланымдағы көлікпен тасымалдау тасымалдаушы мен тұтынушы арасында жария шарт жасасу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жария шарт жасасуға қатысты бір адамға басқасынан артықшылық беруге құқылы емес. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның тұтынушыға тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну мүмкіндігі болған кезде жария шарт жасасудан бас тартуына жол берілмейді.

Сонымен бірге, тасымалдаушының азамат Ф. - мен жария шарт жасасудан бас тартуы бұл жағдайда заңды болды. Кәсіпкердің тұтынушыға тиісті қызмет көрсетуге мүмкіндігі болмады, өйткені автобустағы барлық орындарға билеттер сатылды. Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдаудың белгіленген қағидалары бұзылған жағдайда, тасымалдаушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 571-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Тұтынушылар өз құқықтарын білуі және қорғай білуі керек. Бірақ бұл ретте барлық шектеу ережелері азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында белгіленетінін ұмытпаған жөн, - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.

Азаматтардың назарына:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттің 8(7152) 53-42-32 «жедел желі»  телефоны арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, электронды және жазбаша өтініштерді Департаменттің мекенжайына «e-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесі, e-Gov.kz «е-otinish»  ақпараттық жүйесі, сондай-ақ пошта арқылы немесе қолма-қол жолдауға болады.  

Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдауды Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57-В үй, 309-310а кабинет мекенжай бойынша жүргізеді.