ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген), негізінде Астана қ. уақыты (3 жұмыс күні ішінде) 21 қазан сағат 9.00-ден бастап 26 қазанда 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында – «РӘТ бөлімінде», сондай-ақ зум-конференция арқылы «сот салатын дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуден бас тартқаны үшін айыппұл» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарлайды.
Бұдан басқа, Астана қ.уақыты бойынша ағымдағы жылғы «25» қазан күні сағат 15.00-де (жоғарыда көрсетілген қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасы негізінде) қосымша ZOOM-конференция өткізу туралы атап өтеміз.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін электрондық поштаға жіберуді сұраймыз - о.zhumabekov@mti.gov.kz, Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады. Барлық сұрақтар бойынша телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: + (7172) 74-98-49, 75-06-14, 74-94-81.
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!