ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҚҚД НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРГЕННЕН КЕЙІН СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ ӨЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҚҚД НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРГЕННЕН КЕЙІН  СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ ӨЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) сервис орталығының басшылығына шағым жасағаннан кейін 3 күн өткен соң, орталық қызметкерлері  С. тұтынушыға қатысты өз міндеттемелерін орындады және мерзімі бойынша ұсталған мұздатқыш камерасын жеткізді. Департамент қызметкерлері кепілдік мерзімі ішінде мұздатқыш камерасы қайтадан істен шыққан жағдайда созбай департаментке жүгіну қажет екенін ескертеді. Тұтынушы енді не істей алатынын және оның құқықтары бұзылған жағдайда қайда бару керектігін нақты біледі.

Азаматша С. Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтінішпен жүгінді, өз кезегінде Департамент басшы Б. Дүйсенбаевпен бірге қызметкерлермен кезінде көмек көрсетті, Департаментте атап өткендей: «2022 жылдың наурыз айында азамат С. Тараз қаласындағы техномаркеттердің бірінен мұздатқыш камераны сатып алып, оны бірнеше ай пайдаланған, ал мамыр айында сынып қалған. Бұл мәселе бойынша мұздатқышты сатып алған жерге, содан кейін сатушы ұсынған қызмет көрсету орталығына жүгінді. Нәтижесінде, 2 ай өткеннен кейін сервис орталығынан оң нәтиже түскен жоқ.

Бұл жағдайда, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - заң) 15-бабының негізінде тұтынушы мұздатқышты жөндеуден бас тартуға және айырбастауды талап етуге құқылы, сондай-ақ Заңның 30-бабы 3-тармағының нормаларына сәйкес кепілдік бойынша жөндеу мерзімі шарт жасаспай күнтізбелік 10 күнді құрайды, шарт жасаспаған кезде: 20 күнтізбелік күннен артық болмауы керек. Тауардың кемшіліктерін белгіленген мерзімде жою мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар жөндеу мерзімдерін тағы 10 күнтізбелік күнге ұзарту туралы қосымша келісім жасасуы мүмкін».

Осылайша, кепілдік бойынша жөндеу 30 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Заңның 42-2-бабына сәйкес қызмет көрсету орталығы тұтынушының шағымын қарауға және оның проблемасын шешуге немесе 10 күнтізбелік күн ішінде дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті.

Департамент қызметкерлері тұтынушының атынан қызмет көрсету орталығының басшылығына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып және жөндеуді 10 күнтізбелік күн ішінде аяқтауды немесе сапалы тауарға айырбастау үшін өнімде өндірістік ақау бар екендігі туралы акт беруді талап етті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде сервис орталығының қызметкерлері тұтынушы алдындағы өз міндеттемелерін орындады.