СОТ «SCAT ӘУЕКОМПАНИЯСЫ» АҚ ШАҒЫМЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРМАДЫ

СОТ «SCAT ӘУЕКОМПАНИЯСЫ» АҚ ШАҒЫМЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРМАДЫ

Бұған дейін ағымдағы жылдың шілде айында Шымкент қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 190-бабының бесінші бөлігі бойынша «SCAT» авиакомпаниясы АҚ-қа қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік жаза шығарды.

Шымкент қаласы бойынша Департамент өкілі Б.М. Салхожаев былай деп түсіндірді: «2021 жылғы 9 қарашада авиакомпания Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша DV714 рейсін орындаған кезде И. азаматшасының чемоданы бүлінген. Тексеру барысында Авиакомпания «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 42-4-бабының 5-тармағында көзделген талапты орындамағандығы анықталды, оған сәйкес тұтынушының наразылығына жауап оны кәсіпкерлік субъектісі алған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады».

Жоғарыда аталған қаулымен келіспей, «SCAT Авиакомпаниясы» АҚ сотқа Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаулысының күшін жоюды сұрап шағыммен жүгінді.

Сот авиакомпанияның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.