СОТ «БЕК ЭЙР» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚАРСЫ АЛТЫНШЫ ТАЛАП АРЫЗЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ

СОТ «БЕК ЭЙР» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚАРСЫ АЛТЫНШЫ ТАЛАП АРЫЗЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ

2022 жылдың 30 маусымда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Бек Эйр» АҚ-ға (Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты) 6 талап арыз берді.

Алтыншы талап арызда Комитет 53 адамның мүддесін білдіреді, талап арыздың қою сомасы – 3 073 441 (үш миллион жетпіс үш мың төрт жүз қырық бір) теңге.

2022 жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Комитеттің «БЕК AIR» АҚ-нан жоғарыда аталған соманы өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешіміне сәйкес рейстердің жойылғанында тұтынушылардың кінәсі жоқ болғандықтан  «BEK AIR» АҚ жойылған рейстерге бұрын сатып алған әуе билеттерінің толық құнын тұтынушыларға өтеуге міндеттеледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласының Түрксіб соты Комитеттің «BEK AIR» АҚ әуе компаниясына қарсы бес талап арызын қанағаттандырған болатын.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарының бұзылғаны туралы арыз-шағымдарының түсуіне байланысты жетінші талапты қозғау үшін құжаттар дайындалып жатыр.