Кейде көпқабатты үйге кіре отырып, біз көңілсіз суретті көреміз: кір еден, темекі тұқылы, тұқымдардың қауызы және т.б. Бұл жағдайда бала кезден таныс мақалды еске түсіреміз: «Тазалық сыпыратын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде болады!». Кіреберістегі тазалық пен тәртіпті сақтауға кім жауапты?
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген, Коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерін тазалау кірмейді. Бұл мәселе үй тұрғындарының ортақ ісі, яғни олардың арасындағы келісім бойынша шешілетін мәселе.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары кондоминиум объектісінің ортақ меншігі болып табылады. Пәтерлердің иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті.
Заңның негізінде пәтерлердің иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға, оның ішінде кіреберісті тазалауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерін бекітуге қатысты мәселелерді қарайды және шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады. Жиналыста қабылданған шешімдер барлығы үшін міндетті болып табылады. Егер бұрын жарияланған жиналыс кворумның болмауына байланысты өз бетінше өтпесе, жиналыс жазбаша сауалнама арқылы өткізілуі мүмкін екенін айта кету керек.
Қазіргі уақытта көппәтерлі тұрғын үйлерде кезектегі тәртіппен тұрғындардың өздері кіреберісті тазалауға арналған кезекшілік кестесін табу сирек кездеседі. Енді тазалау мәселесі түбегейлі басқа жолмен шешіледі. Сервистік қызмет субъектілерімен мүліктің меншік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестіктер немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар немесе басқарушы компаниялар шарттар жасалады. Бұл ретте тазарту төлемі кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған шығындардың ай сайынғы төлеміне қосылады. Сондай-ақ, бір подъезд тұрғындары клининг компаниясын өздері таңдайтын, пәтердің иесі мен клининг қызметін орындаушы арасында жеке шарттар жасайтын жағдайлар жиі кездеседі. Клининг қызметтер – тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарының әр түрлі беткі қабаттарының эстетикалық және пайдалану құрамдарын күтіп-ұстауға, сақтауға және қайта қалпына келтіруге, санитарлы күйде сақтауға және ластауды жоюға арналған қызмет. Клининг қызмет көрсету шарты ақылы шарт болып табылады, яғни тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы керек. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 686-бабыңың негізінде тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы. ҚР АК-нің 401-бабына сәйкес егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, тұрғындар әрдайым және барлық жерде тазалаудың сапасына қанағаттанбайды. Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Мияшева Лазым Исмагуловнаның айтуынша: "Пәтер иелері оларға іс жүзінде ұсынылмаған Клинингтік қызметтер үшін ақы төлеуден бас тартатын жағдайлар жиі кездеседі, бірақ орындаушылар шартты бұзуға асықпайды.
Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Петропавл қаласындағы көшелерінің бірінде орналасқан көпқабатты үйдің бір подъезінің тұрғындарынан ұжымдық өтініш келіп түсті.
2020 жылы пәтер иелері ЖШС-мен (орындаушы) кіреберістерді тазалау бойынша қызметтерді көрсетуге жеке шарттар жасасты. Алайда, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап орындаушы шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамаған. Тұрғындардың ауызша және жазбаша наразылықтарына ЖШС-нің өкілдері жауап бермеді, шарттарды бұзу талаптары ескерусіз қалды. Бұл ретте, бірыңғай төлем құжатында тұтынушыларға нақты көрсетілмеген клининг қызметтері үшін ай сайын 500 (бес жүз) теңге сомасында төлем жазылған.
«Сондай-ақ, Департамент энергиямен жабдықтаушы ұйым мен клинингтік компания арасындағы бірыңғай ақпараттық-есептеу орталығының (БЕО) қызметтерін көрсетуге арналған шартты бұзу және бірыңғай төлем құжатында клинингтік қызметтерді төлеу үшін шоттарды ұсынуды тоқтату, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.
БАЕО қызметтерін энергиямен жабдықтаушы ЖШС-нің бірі ұсынуына байланысты, Департамент табиғи монополиялар субъектісіне шартты бұзу және тұтынушылардың бірыңғай төлем құжатында клинингтік қызметтерді төлеуге шоттарды ұсынуды тоқтату мәселелерін шешуде көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.
Қазіргі уақытта БАЕО қызметтерін көрсету шарты бұзылды, тұтынушылардың бірыңғай төлем құжатында клининг қызметтеріне ақы төлеуге арналған шоттарды түзету (жою) бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға нақты көрсетілмеген клининг қызметі үшін төленген ақшаны қайтару мәселесі шешілуде. Егер орындаушы тұтынушылардың талаптарын өз еркімен орындаудан бас тартса, онда пәтер иелері залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу, моральдық зиянның өтемiн төлету туралы сотқа талап арызбен жүгінеді.
Сондай-ақ, пәтер иелері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінетіні хабарланды. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 55 - бабына сәйкес, заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар олардың өтініші бойынша басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап-арыз бере алады», - дейді Департамент басшысы.
Кіреберісті тазалау жүйелі және сапалы болуы керек. Бұл қарсы санитариялық жағдайлары мен түрлі аурулардың таралуын болдырмаудың бірден-бір жолы. Клининг компаниясымен шарт жасасу керек пе, кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жарналарды көбейту арқылы кіреберісті қосымша тазалауға төлеу керек пе, әлде ескіше кіреберісті өз бетінше тазалау керек пе – ол пәтер иелерінің өз таңдауы. Әрбір тұтынушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) еркін таңдауға құқылы.
Егер тұрғындардың басым бөлігі тазалықты сақтау үшін күнделікті еңбектенсе, кіреберісті тазалау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағаласа, нәтижесі көп күттірмейді. Сіздің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті сапасына құқығыңыз бар екенін біліңіз. Егер Сіз төлеген кіреберісті тазалау қызметі сапасыз болса немесе іс жүзінде көрсетілмесе, Сіз шартты бұзуды, сондай-ақ залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуді, моральдық зиянның өтемiн төлетуді талап етуге құқылысыз.
Жалпы үй мүлкіне қызмет көрсету бойынша кез келген қызмет үшін төлем-шоты Бірыңғай төлем құжатында (түбіртекте) пәтер иелерінің жалпы жиналыста (немесе сауалнама парағында) білдірілген өтініші бойынша немесе жеке шарттар қорытынды бойынша ғана көрінуі мүмкін екенін білу қажет. Егер қызметтер іс жүзінде көрсетілмесе және оларды төлеуге шот берілсе, онда БАЕО-на өтініш жазып, оған пәтер иелері жиналысының (кім келіспейген азаматтардың тізімі бар және қолдары қойылған) хаттамасын немесе сауалнама парағын қоса беру қажет. Әдетте, бұл құжаттар Бірыңғай төлем құжатынан (түбіртектен) іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер жойылып кету үшін жеткілікті.
Азаматтардың назарына:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттің 8(7152) 53-42-32 «жедел желі» телефоны арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, электронды және жазбаша өтініштерді Департаменттің мекенжайына «e-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесі, e-Gov.kz «е-otinish» ақпараттық жүйесі, сондай-ақ пошта арқылы немесе қолма-қол жолдауға болады.
Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдауды Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57-В үй, 309-310а кабинет мекенжай бойынша жүргізеді.