
Егер сізге түрлі себептерге сілтеме жасай отырып, авансты қайтарудан бас тартса, не істеу керектігін тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Кулагина Әлия Қажыкенқызы мысал ретінде түсіндіреді.
«Қаласының тұрғыны жүгінді, ол автосалонның ұзақ уақыт бойы оған 600 мың теңге сомада авансты қайтармайды деп шағымданды, ол авансты жарты жыл бұрын қалдырылғандықтан, ал қазіргі кезде автокөлік бағасы өсуіне байланысты сатып алу шешімін өзгертті.
Бұл жағдайда сатушы тұтынушының берілмеген тауар үшін қаражатты қайтару құқығын және тұтынушының шартта белгіленген мерзімде қаражатты қайтару құқығын бұзды. Тиісінше, сатушы «Тұтынушылардың құқықтары қорғау туралы» Заңының 7-бабын «Тұтынушының құқықтары» және Заңның 24-бабын «Сатушының міндеттері» бұзды.
Жетінші бапқа сәйкес тұтынушы:
- тауарларды сатып алуға (жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге) еркін шарт жасасу
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту және өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру
- тауарды, жұмысты, қызметті еркін таңдау
- тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастау немесе қайтару
- құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
- осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Сондай-ақ, жиырма төртінші бапқа сәйкес сатушы міндетті:
- тауарды еркін таңдауды қамтамасыз ету
- тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету
600 мың теңге көлеміндегі бұл жарна кепілпұл болмағандықтан, бұл қаражатты кепілдік жарна ретінде жіктеуге болады. ҚР Азаматтық Кодексінің 338-3 бабының 1 тармағына сәйкес, сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы кепілдік жарна болып танылады.
Ал Азаматтық кодекстің 338-4-бабының 2-тармағына сәйкес кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна қайтарылуға жатады.
Департамент қызметкері азаматқа «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 42-4-бабына сәйкес аталған мәселені сотқа дейінгі тәртіпте шешу үшін автосалонға шағым хатымен жүгінуге кеңес берді. Сатушыға шағым жолдай отырып, тұтынушы шағымда күнтізбелік он күн ішінде қаражат қайтарылмаған жағдайда, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтінішпен жүгінетінін көрсетті.
Сонымен қатар, тұтынушы Департаментке өтініш жазды. Өтініш берілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң тұтынушыға автокөлік үшін төленген қаражат қайтарылды, содан кейін ол берілген өтінішті кері қайтарып алды және департамент қызметкерлеріне кеңес бергені үшін алғысын білдірді», - Департамент басшысы қорытындылады.
Тұтынушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалғанын естеріңізге саламыз. Сатушылардан, орындаушылардан және дайындаушылардан Заң талаптарын сақтауды сұраймыз.